Дастан Сатпаев әлемнің үздік жас футболшыларының тізіміне енді
Goal басылымы әлем футболындағы ең үздік жас таланттардың NXGN 2026 рейтингін жариялады.
Бұл тізімге Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев енді. Басылым оны 43-орынға жайғастырған.
Дастан Сәтпаев халықаралық деңгейде бірнеше маңызды рекордты жаңартты. Былтыр желтоқсан айында еурокубоктардағы алғашқы голын соқты. Чемпиондар лигасында гол салған ең жас ойыншылардың тізімінде тек Ансу Фати мен Ламин Ямальға ғана жол берді.
Сондай-ақ, ол Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең жас дебютант әрі ең жас гол авторы ретінде тіркелді.
Дене бітімі мен шабуылды аяқтау шеберлігіне қарап, мамандар Сәтпаевты әйгілі Серхио Агуэромен салыстырады. 2025 жылғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Goal басылымының рейтингісінде үздік үштікке Ламин Ямаль («Барселона»), Эстеван («Челси») және Пау Кубарси («Барселона») сияқты әлемдік жұлдыздар енген.
14:26
78
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.